218
Жасотандықтар жастар саясатын дамыту бойынша жаңа бағдарлама әзірледі
Жасотандықтар жастар саясатын дамыту бойынша жаңа бағдарлама әзірледі
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте Елнұр Бейсенбаев хабарлады.
«Jas Otan» жастар қанаты төрағасының айтуынша, 5 жылға есептелген бағдарлама жобасы «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді.
«Бағдарлама үздік отандық сарапшылар мен саясаттанушылардың қатысуымен, жастар мәселесіне қатысты халықаралық ұйымдардың және әлемдік үрдістер мен тәжірибелерді ескере отырып дайындалды. Бағдарламаны әзірлеу барысында әлеуметтік желілер, онлайн және оффлайн кездесулер мен талқылаулар арқылы 3765 ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар, жақында jasotan.kz сайтында бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен нақты көрсеткіштер көрсетілген 216 жол картасы жарияланды», - деді Е.Бейсенбаев.
Белсенділер жұмыстарды әр қазақстандық үшін өзекті бес бағыт бойынша жүргізеді. Атап айтқанда, жастардың азаматтық бастамаларын қолдау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас қазақстандықтардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу.