Алматы облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
338

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев 1963 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы бойынша механик, заңгер.

Еңбек жолын Павлодар зауытында инженер-конструктор болып бастаған.

Әр жылдары Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Гвардия және Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бөлім меңгеруші, «Отан» қоғамдық ұйымының Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы облысының қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бөлім бастығы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтарынан – Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі.

Серіктес жаңалықтары