243
Праймериз: Елордада ашық дебаттар төрт алаңда өтеді
Праймериз: Елордада ашық дебаттар төрт алаңда өтеді
Елордада партияішілік іріктеу-праймеризге қатысушылар арасында ашық пікірталас басталды. Олар қаланың төрт ауданының әрқайсысында өтеді - деп хабарлайды партияның елордалық филиалының баспасөз қызметі.
«Алматы» ауданының партия мүшелері үшін дебаттар партияның елордалық филиалының ғимаратында, «Байқоңыр» ауданы үшін № 1 автобус паркінің акт залында, «Есіл» ауданы Ұлттық кітапхана залдарының бірі, «Сарыарқа» ауданы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ғимаратында өтеді.
«Ашық дебаттардың тікелей эфирі елордада барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізіледі. Алайда, біз дауыс берушілер үміткерлердің жүздерін, дауыс беруі керек үміткерді есте сақтауы үшін партия мүшелеріне маскасыз сөйлеуге мүмкіндік бердік. Праймеризге қатысушылардың барлығы ПТР тестілеуден өтті», - деді Ерлан Каналимов, «Nur Otan» партиясы елордалық филиал төрағасының бірінші орынбасары.
Сонымен қатар, дебат залына кіреберісте медициналық бекеттер бар. Емхана және санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер әр қатысушының денсаулығын мұқият бақылайды. Температура кірер кезінде өлшенеді және сәйкесінше өңделеді. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері, түсіру тобы және барлық 10 модераторлар ПТР тестілеуінен өтті.
Елордадағы үміткерлер әрқайсысында 9-10 адамнан тұратын 42 топқа бөлінгенін еске саламыз. Пікірсайыстар күн сайын, жексенбіден басқа күндері, 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Топтардың әрқайсысы үшін арнайы тақырыптар бөлінген, дебаттар «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі.