Павлодарда праймериз үміткерлерінің алғашқы дебаты өтті

Павлодарда праймериз үміткерлерінің алғашқы дебаты өтті

Павлодарда праймериз үміткерлерінің алғашқы дебаты өтті
ашық дереккөзі
164
Еліміздің түкпір-түкпірінде жария пікірсайыстар бастау алды. «Nur Otan» партиясының праймериз кестесіне сәйкес өткізілуде. Павлодар облыстық «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне 612 үміткер бар, олар 89 топқа бөлінген. Аймақтағы партияішілік іріктеуге түскен кандидаттардың алғашқы пікірсайысы «Колос» мәдени-ойын-сауық орталығында өтті. Үміткерлер өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ортаға салып, жиылған қауымды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. – Пікірсайыс үш кезең бойынша өтуде: алғашында кандидаттар өз мақсаттарымен бөліседі, әрі қарай бір-бірінің сұрақтарына жауап береді де соңында залға жиналғандардың сауалдарына жауап іздейді. Пікір алмасу барлық санитарлық ережелерді ескере өткізілуде, - деп атап өтті Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко. – Жария пікірсайыс және жалпы праймериз мақсаты – қоғамдық пікір қалыптастыратын азаматтар мен тұрғындар мұң-мұқтажын білетін партия мүшелерін анықтау. Сайысқа қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Негізінен, айтылған пікірлердің дені облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты болды. Кандидаттар тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Атап өтсек, жас отбасылардың баспана сатып алуына несие ставкасын төмендету және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша қолдау көрсету.  width= Пікірсайыстың толық процесі «Nur Otan» партиясы филиалдарының ресми аккаунттарында тікелей эфирде көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, партияішілік сайлау 1-3 қазан аралығында өтеді.  

Серіктес жаңалықтары