Израильде үш апталық қатаң карантин енгізіледі

Израильде үш апталық қатаң карантин енгізіледі

Израильде үш апталық қатаң карантин енгізіледі
ашық дереккөзі
18 қыркүйектен бастап Израильде үш апталық қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы елдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. Өткен аптада Израильде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, 4000-нан асты. Сенбі күні 2 715 адамның індетке шалдыққаны белгілі болды. Елде індет құрбандарының саны 1 108-ге жетті. Қатерлі вирустың таралу қарқынының артуы ел билігін шектеу шараларын күшейтуге мәжбүрлеп отыр. Карантин уақытында ел азаматтарына үйлерінен 500 метрден астам қашықтықта жүруге тыйым салынады, бірақ олар шектеулі режимде жұмыс істейтін кеңселерге баруға құқылы. Үш апта бойы елде мектептер мен сауда орталықтары жұмыс істемейді, тек супермаркеттер мен дәріханалар ашық болады. Үкіметтік ұйымдар қысқартылған құрамда жұмыс істейтін болады, ал клиенттермен жұмыс істемейтін мемлекеттік емес агенттіктер мен кәсіпорындардың жұмысы шектелмейді. Айта кетейік, пандемия басталғалы Израильде індет жұқтырғандар саны 157 мыңнан асты. Науқастардың 115 мыңнан астамы емделіп шықты. Ал әлем бойынша саны 28,9 миллионнан аса адам коронавирусқа шалдықты. Қатерлі вирустан 922 мыңнан астам адам қайтыс болды. ДДСҰ өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелгенін мәлімдеді. 24 сағат ішінде 308 мың адамнан індет анықталған. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары өсім.