Тағы да рекорд: Пандемия кезіндегі ең жоғары өсім тіркелді

Тағы да рекорд: Пандемия кезіндегі ең жоғары өсім тіркелді

Тағы да рекорд: Пандемия кезіндегі ең жоғары өсім тіркелді
ашық дереккөзі
Әлемде бір тәулік ішінде 308 мың адамнан коронавирус анықталды. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары өсім. ДДСҰ дерегінше, өткен тәулікте өлім саны 5,6 мыңға артып, індет құрбандарының жалпы саны 917 мыңнан асты. ДДСҰ статистикасы мемлекеттер ұсынған инфекция және өлім жағдайлары туралы ресми расталған мәліметтерді ғана ескереді. Ал коронавирустың әлем елдері арасында тарауын картаға түсіріп отырған АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің деректер базасының ауқымы кеңірек. Университет мамандары ұсынған соңғы статистикаға сүйенсек, әлемде індет жұқтырғандардың жалпы саны 28,9 миллионнан асты. Қатерлі вирустан 922 мыңнан астам адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұрған АҚШ-та 6,5 миллионнан астам адамнан  індет анықталса, екінші орында тұрған Үндістанда 4,7 миллионнан аса науқас коронавирус жұқтырған. 4,3 миллионнан аса тұрғынынан қатерлі вирус анықталған Бразилия үшінші орында. Індет құрбандарының саны жөнінен де осы үш мемлекет алда тұр.