Ел тұрғындары қыркүйектің соңына дейін жер және мүлік салығын төлеуі қажет

Ел тұрғындары қыркүйектің соңына дейін жер және мүлік салығын төлеуі қажет

Ел тұрғындары қыркүйектің соңына дейін жер және мүлік салығын төлеуі қажет
ашық дереккөзі
292
 Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу қажеттігін еске салды.  «Жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы «Салық әмияны» арқылы біліңіз. 2020 жылдың 1 қазанына дейін меншіктерінде жер телімдері мен жылжымайтын мүліктері бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеуі керек. «Салық әмияны» қызметінде сіз осы салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре аласыз», - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінде. Бұл деректерді және e-Salyk мобильдік қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көре аласыз. «Сонымен қатар, сіз есептелген сомаларды екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлей аласыз. E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store жүйесінен жүктеп алыңыз, салық әмиянын толтырыңыз және салықты оңай төлеңіз», - деп атап өтті комитеттегілер.  

Серіктес жаңалықтары