359
Минскте наразылыққа шыққандар Лукашенконың резиденциясына барды
Минскте наразылыққа шыққандар Лукашенконың резиденциясына барды
Беларусьта наразылық шеруіне қатысушылар ел президенті Александр Лукашенконың резиденциясы алдына дейін барды, деп хабарлайды РИА Новости.
Акция қатысушылары үкіметке қарсы ұрандар көтеріп, Лукашенконың отставкасын талап етті. Жергілікті тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Бұған дейін елдің ішкі істер министрлігі жексенбіде Минсктің түрлі аудандарында 250-ге жуық адамның ұсталғанын хабарлаған. Тұтқындалған азаматтар «бөгде тулар көтеріп, балағаттау мазмұнындағы плакаттар қолданған».
Еске сала кетейік, Литва президенті Гитанас Науседа Белоруссия билігі мен наразылық акциясына қатысушылар арасында дәнекер болып, елдегі жағдайды реттеуде көшбасшылықты өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеген еді.
Литва және Украина басшыларының пікірінше, Белоруссиядағы жағдайды реттеудің негізгі жолы ретінде ЕҚЫҰ бақылауымен жаңа, әділ және демократиялық президент сайлауын өткізу қажет.