Қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

Қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

Қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөзі
259
Еліміздің ішкі істер министрлігі қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды шетелге алдап апарып, сексуалдық мақсатта пайдаланған қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Polisia.kz порталының хабарлауынша, ІІМ қызметкерлері Бахрейнде сексуалдық мақсатта адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Бахрейн Корольдігі азаматтарынан құралған қылмыстық топты құрықтады. Белгілі болғандай, ұзақ уақыт бойы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16-25 жас аралығындағы қыздарды шетелге алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген топ жұмыс істеген. Олар қыздарды шетелде жоғары ақы төленетін жұмысқа тұрғызамыз деп алдап шақырған. Бұдан соң олардың құжаттарын рәсімдеумен, жәбірленушілердің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың мемлекеттік шекарадан өтуін ұйымдастырумен және оларды Бахрейн Корольдігіне тасымалдаумен айналысқан. Қаскөйлер Бахрейнде әрбір қызды 5-тен 15 мың АҚШ долларына дейін саудалаған. Манама қаласына келгеннен кейін қыздардың құжаттарын алып, заңсыз бас бостандығынан айырып, ұзақ уақыт бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Көнбеген жағдайда оларға күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсеткен, кейбіреуіне ақшалай 500 мың теңгеге дейін айыппұл салып жазалаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 135-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) 2-тармағы және 128-бабы 3-бөлігі (Адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Серіктес жаңалықтары