Дзюдодан Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін

/
Дзюдодан Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
Дзюдодан Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін 2020 жылы дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін, – деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті. Азия дзюдо одағының мәліметінше, құрлықтық біріншілікті өткізу орны ретінде Моңғолия астанасы Улан-Батор таңдалды. Айта кету керек, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, чемпионат 2020 жылдың 18-20 сәуіріне жоспарланған. Турнир коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған еді.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары