Коронавирус: Грузия оқу жылының басталуын кейінге шегерді

Коронавирус: Грузия оқу жылының басталуын кейінге шегерді

Коронавирус: Грузия оқу жылының басталуын кейінге шегерді
ашық дереккөзі
201
Грузияның Тбилиси, Кутаиси, Рустави, Гори, Зугдиди және Поти сияқты 6 ірі қаласында оқу жылының басталуы екі аптаға, яғни 1 қазанға дейін шегерілді. Бұл туралы Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді. «Осы қалалардағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ мектептер оқу процесін 1 қазаннан бастайды. Қазіргі тәуекелді дұрыс бағалау үшін эпидемиологтар мен бізге екі апта қажет. Осыдан кейін біз балаларға қатысты қосымша шешім қабылдаймыз. Бұл шектеу ірі қалалардағы барлық жекеменшік және мемлекеттік оқу орындарына қатысты», – деді Гахария. 15 қыркүйек – 1 қазан аралығында студенттер мен оқушылар қашықтан оқитын болады. Грузияда коронавирустың өршуі 1 қыркүйектен бері тұрақты сақталып келеді. Соңғы тәуліктің өзінде коронавирустың жаңадан 87 жағдайы тіркелді. Бұл эпидемия басталғалы рекордты көрсеткіш болып табылады.

Серіктес жаңалықтары