Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметі тағайындалды

/
Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметі тағайындалды
ашық дереккөзі
Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметі тағайындалды ҚР Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде. Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын. Бүгін Ақорда Юрий Викторович Ильиннің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылғанын хабарлады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары