Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты

Ақылды бетперденің өзгелерден ерекшелігі – ауа тазартқышын ауыстырып отыруға болады.

Батарея орнатылған фильтр адам терісін тітіркендірмейді. Әрі көзілдірік тағатындарға ыңғайлы. Яғни адамның тыныс алуы жеңілдеп, көзілдірігі терлемейді.

Инновациялық масканы күніне 8 сағат қуаттандырмай тағуға мүмкіндік бар. Ал ультракүлгін сәулесі бар қапшығы вирусты жоя алады екен. Өндіруші компания ақылды маска жақын арада сатылымға шығатынын айтып отыр.

Back to top button