187
Коронавирус: індеттен қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туысына төлем берілді
Коронавирус: індеттен қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туысына төлем берілді
Коронавирус немесе пневмония жұқтыруына байланысты 1,4 мыңнан астам медицина қызметкеріне мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем берілді. Сондай-ақ, індет салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударылды.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты медицина қызметкерлеріне төленген төлемдердің ең көбі – Нұр-Сұлтан (260) және Алматы қалалары (191), Алматы (119), Қарағанды (110) және Ақмола (110) облыстарында жүргізілді.