Талдықорған тұрғынының көлігінен 6 келі есірткі тәркіленді

Талдықорған тұрғынының көлігінен 6 келі есірткі тәркіленді

Талдықорған тұрғынының көлігінен 6 келі есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
203
Алматы облысының тәртіп сақшылары қызметтік иттің көмегімен тоқтатылған көліктен есірткі тауып алды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облыстық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Көксу АПБ жедел уәкілдерімен бірлесе арнайы операция өткізген. Соның барысында 7 қыркүйек күні сағат 22:15 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 241-шақырымында Талдықорған қаласының 53 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушылар отыратын артқы есіктердің қаптамасынан өсімдік тектес зат салынған ораманы тапқан. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың қалтасынан куәгерлердің қатысуымен гашишке ұқсас зат алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 кг 948 грамды құрап отыр. Ол гашиш есірткі заты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған дерек ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі («Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша тергелуде.  width=  

Серіктес жаңалықтары