«Nur Otan» мүшесі ауылдық ауруханаға тыныс алу аппаратын табыстады

«Халыққа көмек»  жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалына Қызылшарық ауылдық ауруханасына  оттегі концентраторы аппаратына  сұраныс түсті.

Тиісті шаралар қабылданып, «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев аталған мәселені шешуі бойынша Қызылшарық ауылының тұрғыны, облыстық мәслихат депутаты Осан Жанкельдіге хабарласты.

Осан Жанкельді  Қызылшарық  ауылында орналасқан ауруханаға 420 мың теңгеге 1 дана оттегі концентраторы аппаратын тапсырды. Игі іс жасаған депутатқа ақ халаттылар мен аудан тұрғындары ризашылығын білдірді.

Back to top button