COVID-19: Қазақстанда күн сайын 40 мыңға жуық тест жасалады

COVID-19: Қазақстанда күн сайын 40 мыңға жуық тест жасалады

COVID-19: Қазақстанда күн сайын 40 мыңға жуық тест жасалады
ашық дереккөзі
190
Елімізде коронавирусты анықтау үшін тәулігіне 40 мыңға жуық тест жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елде зертханалық зерттеу (коронавирусты анықтайтын тест) деңгейі елде тәулігіне 40 мыңға дейін жеткізілді. Сонымен қатар, бүгінгі күні өңірлердегі 11 ветеринарлық зертхана ашылып, олар да 20 мыңға тарта зерттеу жасап үлгерді. Пандемияның кезекті толқынына дайындалу мақсатында жылдың соңына дейін зертханалық зерттеудің тәуліктік мөлшерін 63 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді министр Үкімет отырысында. Алексей Цой ЖРВИ мен тұмау маусымына да дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. «Осы эпидемиологиялық кезеңде бірыңғай дистрибьютор тұмауға қарсы 2 млн 199 мың 990 вакцина сатып алып қойды. Бұл мөлшер  жалпы халықтың 11 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, елордада вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды.  

Серіктес жаңалықтары