Зейнетақысын мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді

Зейнетақысын мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді

Зейнетақысын мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді
ашық дереккөзі
203
Қазақстандықтар мерзімінен бұрын шешіп алған зейнетақы сомасына 10% мөлшерінде салық төлейтін болады. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағынан беретін төлемдерге жеке табыс салығы салынады (Салық кодексінің 326-бабы). «Бұл ретте, жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі (42 500 теңге) салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-аналар) тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы. Бұл - 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары). Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады», - деді комитеттен.  

Серіктес жаңалықтары