Елордада вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы вакцинациялау басталды

Елордада вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы вакцинациялау басталды

Елордада вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы вакцинациялау басталды
ашық дереккөзі
222
Биыл жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмау коронавируспен асқынуы мүмкін, осыған байланысты дәрігерлер алдын ала денсаулыққа мән беру қажеттігін ескертеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Елорда тұрғындары жедел респираторлы вирустық инфекцияларға және тұмауға қарсы екпе ала алады. Ол үшін пациент өзі тіркелген емханаға жүгінуі керек. Препарат кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді. "ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі - антиденелерді қалыптастыратын вакцина. Денедегі қорғаныс агенттері вирустарды өлтіреді және жояды. Бұл әдіс алдын ала қолданылуы керек. Сондықтан Нұр-Сұлтанда 4 қыркүйектен бастап ресейлік вакцина пайда болды. Біз ЖРВИ мен тұмау өршігенге дейін, бұл препаратты уақтылы алуға кеңес береміз. 0,5 шприцке құйылған дайын екпе иықтағы бұлшықетке салынады", деп атап өтті №10 қалалық емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Жанкүміс Шайхислямова. Вакцинаны алты айлық балаларға да қолдануға болады. Препарат тауық ақуызына аллергиясы бар адамдарға ғана рұқсат етілмеген. Маска тағу арқылы респираторлы вирустық аурулардың алдын алуға болады. Бұл жағдайда оны ауру да, сау да кию керек. Үй-жайларды,әлеуметтік мекемелерді, кеңселерді жиі желдету керек. "Сондай-ақ, қолыңызды сабынмен жиі жуып, дезинфекциялық ерітінділерді қолдануды ұсынамын. Қолды жуу тек ішек инфекцияларынан ғана емес, сонымен қатар вирустық инфекциялар мен тұмаудан да қорғайды. Мұрын қуысын әлсіз тұзды ерітіндімен жуу да көмектеседі. Мұрынды жуу ыңғайсыз болғандықтан, кейде майлы эмульсиялар қолданылады. Мысалы, "оксолин майы", оның күші әлсіз болғанымен де, ағзаға вирустың таралмауына ықпал етеді. Вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабаттары арқылы енеді, сондықтан оларды жиі шаю керек", деп түсіндірді дәрігер. Ағзаны нығайту үшін халықтық әдістер де көмектеседі, дейді дәрігерлер. Сонымен қатар, мультивитаминдерді қабылдап, дұрыс тамақтану да маңызды.  

Серіктес жаңалықтары