226
Қазақстан ресейлік вакцинаны қашан сатып алатыны белгілі болды
Қазақстан ресейлік вакцинаны қашан сатып алатыны белгілі болды
Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны қашан сатып алады? Бұл сауалға ҚР Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр жауап берді.
«24 тамызда үкіметтік делегация құрамында тиісті алдын ала келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Ресей Федерациясы Қазақстанға алғашқылардың қатарында вакцина сатуға міндетті болады. Алайда, бұл шаралар сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін ғана ескеріледі. Қазір сынақтың екі кезеңі өтті. Тиісті сынақтарды өткеннен кейін ғана вакцинаны сатып алу туралы шешім қабылданады», - деді вице-перемьер.
Роман Склярдың айтуынша, ресейлік вакцинаның үшінші сынақ кезеңі шамамен желтоқсан айына таман аяқталуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Ресей коронавирусқа қарсы екпені әлемде алғашқы болып тіркеді.
Індетке қарсы алғашқы екпенің бірқатар шектеулері бар. Вакцинаны 18 жасқа дейінгі жасқа толмағандарға, жүкті және вакцинаның компоненттеріне жоғары сезімталды бар адамдарға, ауыр аллергиясы барлар мен жедел инфекциялық және инфекциялық емес ауруға шалдыққандарға егуге рұқсат етілмейді.