243
10,2 мың талапкер магистратура грантына қол жеткізді
10,2 мың талапкер магистратура грантына қол жеткізді
Бүгін 2020-2021 оқу жылына арналған магистратура дәрежесі бойынша гранттарды тағайындау конкурстық комиссияның соңғы отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша 10 202 адамға мемлекеттік грант тағайындалды.
Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.
«2020-2021 оқу жылына магистратураға 12 829 грант бөлінді. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 12 119, бейіндік магистратурға 710 грант бөлініп отыр», - деді ол.
Кешенді тестілеу 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткен болатын. Биыл кешенді тестілеу алғаш рет компьютерлік форматта электронды түрде өткізілді.
«Кешенді тестілеу аясында алынған баллдар негізінде конкурс болды. Тестілеуге 38 199 адам өтініш берді. Олардың ішінде 34 746 талапкер қатысты. Осы талапкердің арасында 13 051 үміткер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Демек, 13 мыңнан астам талапкер кешенді тестілеуден 75-тен жоғары балл жинаған. 5 қыркүйекке дейін конкурсқа қабылдау жүргіздік. Гранттарды тағайындау конкурсына 12 179 адам қатысты. Конкурс 2 күн жүргізілді. Нәтижесінде комиссия шешімімен 10 202 адам грант игері атанды. Оның 128 үміткер бейіндік магистратура негізінде грант алды», - деді департамент директоры.
Әділет Тойбаевтың айтуынша, педагогика ғылымдары бойынша - 3 267, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша - 570, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыты бойынша - 401, бизнес басқару және құқық саласы бойынша - 825, жаратылыстану, математика, статистика бағыттары бойынша - 963, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 1 170 грант тағайындалған.
Ал инженерлік өңдеу және құрылыс материалды бойынша - 2 250 , ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша - 204, ветеринария бойынша - 72, д енсаулық сақтау бағыты бойынша - 115, қызмет көрсету саласы бойынша 237 грант өз иегерлерін тапқан.
«Республикада ең жоғары кокурс шет тілі педагогтарын даярлау бағыты бойынша болды. 150 балдың 134 балмен өтті. Ал ең төменгі конкурс ветеринария бағытында орын алды. Бұл бағытта 72 грант тағайындалған еді. Конкурс нәтижелерін Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жариялаймыз», - деді Әділет Тойбаев.