Алдағы күндері елімізде күн жылынады

Қазгидромет 8-10 қыркүйек күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.Республиканың орталығы мен шығысындағы аудандарда түнде және таңертең үсік жүреді.

«Жерге жақын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, Қазақстанның орталығы мен шығысындағы жекелеген аудандарда түнде және таңертең үсік байқалады», – деп ескертті Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, қазақстандықтарды күздің салқын түндері мен жылы күндері күтіп тұр.

Back to top button