Ұлттық банк басшысының кеңесшісі тағайындалды

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі тағайындалды

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі тағайындалды
ашық дереккөзі
228
Экономист Олжас Төлеуов Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Олжас Төлеуов ақша-несие саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. мәселелерге қатысады. Олжас Төлеуов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін бітірген. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің магистрі. Вусонг университетінің (Корея Республикасы) Solbridge бизнес мектебінде, Ресейдің Орталық банкінде, Чехия мен Швейцарияның Ұлттық банктерінде, сондай-ақ БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ESCAP) тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген. Олжас Төлеуов әр жылдары AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-талдаушы қызметінен басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. Тағайындауға дейін, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті болды.  

Серіктес жаңалықтары