Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің материалдары ұрланды

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің материалдары ұрланды

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің материалдары ұрланды
ашық дереккөзі
330
Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шаралары кезінде қылмыс жасағаны үшін сотталған үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады. Тергеу барысында күдікті азаматтардың құрылыс нысанындағы ғимараттың құлпын бұзып кіріп, ішінде жатқан жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық құрылыс материалдары мен қымбат тұратын құралдарды ұрлап әкеткені анықталды . Ұсталған тұлғалар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша айғақ заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары