"Комада жатқан" Ким Чен Ын ел алдына шықты

"Комада жатқан" Ким Чен Ын ел алдына шықты

"Комада жатқан" Ким Чен Ын ел алдына шықты
ашық дереккөзі
307
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын көпшілік алдына шықты. Бұған дейін Солтүстік Корея басшысын комада жатыр деп мәлімдеген Оңтүстік Кореяның болжамдары жалған болып шықты. Кореяның телеграф агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Хамгён-Намдо провинциясының «Майсак» тайфунынан зардап шеккен аудандарын аралап, Кореяның Еңбек партиясы отырысын өткізді. Табиғи апат салдарынан ойрандалған аумақты аралау барысында КХДР басшысы жағалауға жақын тұратын тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол Еңбек партиясының Пхеньянда тұратын барлық мүшелеріне ашықхат жолдап, оларды апаттан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру жұмыстарына белсене қатысуға шақырды. Ким Чен Ын төрағалығымен өткен партия мәжілісінде үй-күйсіз қалғандарға арналған жаңа баспана құрылысы талқыланды. Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Дэ Чжунның көмекшісі Солтүстік Корея көшбасшысының қатты сырқаттанып қалғанын, ұзақ уақыт комада жататынын болжаған. Мұндай болжамның пайда болуына КХДР басшысының жұрт алдына сирек шығуы себеп болса керек.

Серіктес жаңалықтары