Ғалымдар адам өміріндегі ең бақытсыз кезеңді анықтады

Ғалымдар адам өміріндегі ең бақытсыз кезеңді анықтады

Ғалымдар адам өміріндегі ең бақытсыз кезеңді анықтады
ашық дереккөзі
247
АҚШ-тың Дартмут колледжі мен Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының ғалымдары адам қай жасында ең бақытсыз кезеңді бастан өткеретінін анықтады. Зерттеу материалдары бюро сайтында жарияланды. Мамандар 132 мемлекеттен жиналған деректерді зерттеген. Әртүрлі жастағы азаматтарға өз өміріне қаншалықты көңілі толатынын бағалау жөнінде өтініш жасалған. Белгілі болғандай, адам өміріндегі ең бақытты кезең – 18-20 жас аралығы. Одан кейін жағдай бірте-бірте күрделеніп, 47-48 жас шамасында ең қиын кезең туады екен.  Дамыған мемлекеттерде тұратын азаматтарда дағдарыс кезеңі 47 жаста, ал дамушы елдердің тұрғындарында 48 жаста басталатыны анықталды. Ал Ресей, Қытай және Мексика азаматтарының өміріндегі күрделі кезең 43 жаста басталатын көрінеді. Дағдарыс 60 жасқа дейін созылады. 60 жастан соң жағдай қайта оңала бастайды және 70 жастан бастап адамның өмірі бақытқа, рахатқа толы болады екен. Зерттеушілердің айтуынша,  бұл сыртқы факторларға емес, ағзадағы биохимиялық факторларға және гормондар деңгейінің өзгерісіне тәуелді.

Серіктес жаңалықтары