434
Арменияда метанолдан уланған 17 адам көз жұмды
Арменияда метанолдан уланған 17 адам көз жұмды
Бір апта ішінде Арменияда 46 адам ішімдіктен (метанол) уланған. Науқастардың 17-сі көз жұмды.
Армения Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған Арменпресс агенттігінің хабарлауынша, ел ауруханаларында қазір ішімдіктен уланған 13 науқас ем қабылдауда. Оларда неврология симптомы (жүрек айну, есінен тану, бас айналу) байқалады. 3 науқас коматозды жағдайда болса, 3 науқас көру қабілетінен айрылған.
Ақ халаттылар белгісіз ішімдік, үйде әзірленген арақ-шарап, дәріхана, дүкеннен алынған маркаланбаған спиртті ішуден сақтану керектігін ескертті.
Мамандардың айтуынша, метил спиртін ішкен жағдайда токсикалық заттың мөлшеріне қарай улану белгісі бірнеше сағаттан 1-2 күн аралығында пайда болады. Жоғарыда аталған белгі байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек.