151
7 қыркүйектен бастап банктер қызметіне өзгеріс енеді
7 қыркүйектен бастап банктер қызметіне өзгеріс енеді
«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды.
Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап өндірістік қажеттілік болған жағдайда филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі керек.
«Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметі Ұлттық банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асатын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін», – делінген құжатта.
Сонымен қатар бұйрықта барынша онлайн-режимде қызмет көрсету керектігі аталып өткен. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.