ШҚО: қатты желден Қаратал ауылы зардап шекті

ШҚО: қатты желден Қаратал ауылы зардап шекті

ШҚО: қатты желден Қаратал ауылы зардап шекті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында екпінді жел жеке үйлердің шатырын ұшырып әкетті. ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Зайсан ауданында табиғи зауалдан әсіресе Қаратал ауылы қатты зардап шеккен. Мұнда санаулы минуттарда өте күшті жел соғып, екпіні секундына 27 метрге жеткен. Ауылдағы көшелердің бірінде 25-30 үйдің шатыры жұлынған. Жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар табиғат апатынан келген шығынның көлемін анықтау үстінде.