Маңғыстау облысында домбыра күніне арналған «Tenge Vibe» кеші өтті

/
Маңғыстау облысында домбыра күніне арналған «Tenge Vibe» кеші өтті
Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"

Теңге ауылында «Атамұра» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Tenge Vibe» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік кеш Теңге ауылының әкімі Жалғас Агисовтың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде Ұлттық домбыра күнінің маңызына тоқталып, ұлттық өнерді дәріптеудің жас ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше орын алатындығын айтты. Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары арнайы шақырылып, ақ дастархан жайылып, қонақтарға бауырсақ пен ақ дәм ұсынылды. Домбыра үнімен тербелген кеште дәстүрлі күй мен жыр шеберлері ұлттық өнерімізді паш етіп, көрерменге рухани сый тартты. Ауыл тұрғындары да белсенділік танытты.

Кеш соңы көңілді ән кешіне ұласып, жиналған жұртшылық көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Айта кетейік, «Tenge Vibe» жобасы аясындағы мәдени кештер әр он күн сайын өткізіліп, тамыз соңына дейін ауылдың мәдени өміріне серпін беруді көздейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары