Алматыда Президент Жолдауына ардагерлер, ғалымдар мен өнер адамдары қолдау білдірді

Сондай-ақ!

«Ақжайық» футбол клубы банкрот деп танылуы мүмкін – БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында кәсіби спорт клубтарының бюджетін қысқарту көзделуде. БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров соның есебінен үнемделген қаражатты балалар және...

Елімізде туды балконға ілуге рұқсат етілді

Премьер-министр Асқар Мамин 27 қарашада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын...

«Телефонды басыңа кигіземін»: маска тақпаған автобус кондукторы жұмыстан шығарылды

Қоғамдық көлікте маскасыз тұрған кондуктордың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетіп, қызметкер осы видеодан кейін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль...

«Ауыр санаттағы қылмыс саны көбейіп отыр»: 7 басшыға іс қозғалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев биыл аталмыш өңірде 121 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелгені туралы айтты.  «Бұл былтыр тіркелген...

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс- қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Онлайн форматта өткен кеңеске 80-нен астам адам қатысты, олардың арасында мәслихат депутаттары, ардагерлер, волонтерлар, медицина және бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.

Алматыда Президент Жолдауына ардагерлер, ғалымдар мен өнер адамдары қолдау білдірді

Кеңеске қатысушылар білім және ғылым жүйесін дамыту, отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту, ШОБ-ты қолдау, қоршаған ортаны жақсарту, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және т.б.бағыттар мен алда тұрған міндеттерді жан-жақты талқылады.

Кеңес барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов кеңейтілген отырыстың басты міндеті бүкіл әлемдік пандемияны ескере отырып, еліміздің жаңа өмір жағдайына арналған Жолдауды талқылау екенін атап өтті.

«Кеше Президент 2020-2021 жылдар аралығында біз назар аударатын осал нүктелерді атады, басым бағыттарды белгіледі. Бүгін Алматы қаласы аумағында Жолдаудың міндеттерін нақтылы жүзеге асыру үшін оны жан-жақты талқылауды және пәрменді шаралар әзірлеуді ұсынамын», – деді Р.Алшанов және кеңеске қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды.

Алматыда Президент Жолдауына ардагерлер, ғалымдар мен өнер адамдары қолдау білдірді

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов алғашқылардың бірі болып сөз алды.

«Отандық ғылымының өкілі ретінде мен ғылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтергім келеді. Жолдауда жас ғалымдардың рөліне үлкен көңіл бөлінген. «Жас Ғалым» жобасы аясында әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда ғалымдар үшін жыл сайын 500 тағылымдама және жас ғалымдарға 1000 грант бөлу жөніндегі тапсырма қолдау көрсетудегі нақты қадам болып табылады. Мемлекет басшысы көтерген ең өзекті мәселе – процестерден біртіндеп нәтижелерге көшу, ол мұны өзінің Жолдауында атап өтті», – деді Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ахан Бижанов.

«Қазақстанның Еңбек Ері», Алматы қаласының құрметті азаматы Аягүл Миразова білім сапасы және оның қолжетімділігі туралы тақырыпты одан әрі жалғастырды.

Алматыда Президент Жолдауына ардагерлер, ғалымдар мен өнер адамдары қолдау білдірді

«Қазіргі кезде Алматыда балаларға барлық жағдайлар жасалған. Президент өз Жолдауында дәстүрлі білім беруге оралудың барынша ұтымды жолдарын қарастыруды тапсырды. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім, әсіресе, сәбилі болғысы келетін отбасыларға оң ықпал етеді», – деді А.Миразова және Президенттің «Аңсаған сәби» бағдарламасын дер кезінде іске асыруға тапсырма бергенін атап өтті.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП мүшесі Махамбет Хасенов өз кезегінде ауылды дамыту және ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту жөніндегі бастамаларды жоғары бағалады.

«Ауылға ерекше көңіл бөлінетіндігі қуантады. Жолдауда нақты бағыттар айқындалған. Президент ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға үлкен басымдық беруде. Алдымызға қойылған міндеттерді іске асыру үшін біз бәрін жасауға тиіспіз», – деді Махамбет Хасенов.

Алматыда Президент Жолдауына ардагерлер, ғалымдар мен өнер адамдары қолдау білдірді

Кеңес төрағасы Р. Алшанов бүгінде Қазақстан халқының саны 19 миллион адамды құрайтындығын атап өтті. Алайда, жағдайдың жақсарғанына қарамастан, демографияны арттыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, ЭКО бағдарламаларына квоталар санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге дейін көтеру туралы бастамалары ерекше өзекті.

«Жолдау әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылардың 15%-ында сәбилі болу проблемасы бар. Біз өткен жылы тиісті ұсыныстар жібердік. Ұсыныстың артығымен орындалғанына өте қуаныштымыз – 7000 ЭКО бөлінді. Тағы бір маңызды мәселе – дәрігердің мәртебесі. Жалақы 2,5 есеге өсті. Мәртебе – бұл материалдық қолдау ғана емес, біз өзіміздің отандық кадрларымызды қолдауымыз керек», – деді «PERSONA» клиникалық репродуктивті халықаралық орталықтың басшысы Вячеслав Локшин, пульмонологтарды, эпидемиологтарды дер кезінде даярлау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясына қоғамның тұрақтылығы мен дамуын сақтау бойынша ерекше рөл жүктелген. Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров цифрландыру тақырыбына тоқталды.

Ол өзінің сөзінің цифрландырудың тек тенденция емес, ұлттық бәсекелестікке қол жеткізудің басты құралы болатындығын айтты. Сондықтан Осыған байланысты формализмді қысқартып, жұмыстың ашық форматына көшу қажет.

Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына ерекше маңыз беріледі. «Алматы-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков өзінің сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесін көтергенін атап өтті. Бұл өте маңызды, өйткені сыбайлас жемқорлықпен пәр менді күресу алға жылжудың тетігі болып табылады.

«Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай талантты және дарынды тұлғаларды, әсіресе жастарды, олардың озық идеяларын қолдау қажеттігін айтты. Ол үшін балаларды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту және пайдалы дағдыларға үйрету маңызды.

Азаматтық қоғам бүкіл елді нығайту мен дамытуда басты рөл атқарады. Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Константин Авершин спортты дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол өзінің сөзінде Жолдауда бұған дейін қоғам көтерген мәселелердің көрініс тапқаны айтты. Еске салсақ, Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне мейлінше назар аударуды тапсырған еді. Мұнда бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу міндеттелді.

ҚР ЖОО Бірлестігінің басқарма мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тахир Балықпаев өз баяндамасын оқушылар мен студенттерді оқытуғаарналған өзекті тақырып – цифлы платформалар мәселесіне арнады.

«Президент Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы туралы айтты. Үй жағдайындағы және бейресми оқытудың мәні зор. Бұл ретте білім беру курстарын ұсыну ерекше мәнге ие болуда», – деп айтты Т.Балықпаев.

Жолдауда азаматтардың сауаттылығын, олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру Тұжырымдамасын дайындау тапсырылды. Тұжырымдамада бейресми білім берудің альтернативті нұсқаларын белсенді түрде енгізу, өз бетінше білім алу нәтижелерін, кәсіби дағдылану сертификикацияларын мақұлдау керектігі атап өтілуі қажет.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ақ-жол» ҚДП мүшесі Федор Константинов ауқымды экономикалық мәселелерді алға жылжыту керектігін айтып өтті. Пандемия орын алып тұрған тұста кәсіпкерлік секторды, сондай-ақ өндірістік саланы қолдау жөніндегі қадамдарға бару өте маңызды.

Бизнесті қолдау мәселелерін өз сөзінде Алматы қаласының Кәсіпкерлік палатасының директоры Нариман Әбілшайықов та қозғай кетті.

«Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен салаларындағы барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6 пайыздық мемлекеттік субсидияны қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл категорияға сауда, транспорт, туризм, қоғамдық тамақтану, кинотеатр, қонақ үй салаларын енді. Азық-түлік өнімдерін сату және дәріханалар оған кірмейді. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған осы жылдың 16 наурызынан бастап, 12 айлық кезеңді қамтиды» – деп айтты Н.Әбілшайықов.

ҰКП өкілі сонымен қатар мегаполис аумағындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолданыстағы амалдар жайында да кеңінен айтыпберді. Сонымен, Алматыда «Almaty Business-2025» аймақтық бағдарламасы жұмыс жасауда, ол бойынша көпбалалы, тұрмысы нашар отбасылар және өнеркәсіптік парк резиденттеріне арналған 2%-дық, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған 7%-дық кепілді несиеге қол жеткізуге болады. Несие 20-дан 300 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Қоғамдық Кеңес төрағасы, журналист Сергей Пономарев экология мәселесіне тоқталды. Жаңа Экологиялық кодекс жобасының әзірленгенін еске салып өтейік. Президент Жолдауында экологиялықжағдайды жақсарту жөніндегі нақты шараларды іске асыру, сондай-ақ әр алуан биологиялық түрлерді сақтау және орынды пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарын бекіту тапсырылды. Бес жыл ішінде орман қорында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш егу жүзеге аспақ.

«Өте мазмұнды және негіздемелі Жолдау. 2 миллиард ағашты егіп қана қоймай, оның күтімі мен суғарылуында қамтамасыз ету керек. Бұл ретте біздерге, яғни қоғам мүшелеріне де өз жұмысымыз бен бақылауымызды нықтай түсу қажет», – деп айтты С.Пономарев.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институтының директоры Кенжехан Матыжанов өз кезегінде қазақ әдебиеті саласындағы білім беру бағдарламаларын күшейте түсу жөнінде баяндап өтті.

«Nur-Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров өз сөзін Президент белгілеген мәселелерді жүзеге асыруға арнады.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты міндеттерді атапқана қоймай, оларды шешу жолдарын да белгілеп кетті. Осылайша, Президент Жолдауда Қазақстандағы өте маңызды мәселе – тұрғын үй мәселесін де көтерді. Осындай қадамдардың бірі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін Отбасы Банкіне айналдыру болыптабылады. Енді бұл банк тұрғын үйге мұқтаж барлықазаматтарға «бір терезе» принципімен жұмыс істейтін болады.

Бұл өзгерістер Бірыңғай базда кезекте тұрған жұмыс жасаушы азаматтардың төмен мөлшерлемелі несиемен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы қадамдарды іске асыру естуші мемлекет талабына сай келеді. Мен барлық қазақстандықтарды осы бір стратегиялық құжаттың негізгі тарауларын іске асыруға қосылуғашақырамын», – деп атап өтті С.Канкуров.

«Алматы қаласының Кәсіподақтық орталығы» аймақтық кәсіподақтары азаматтарды әлеуметтік қолдауды институционалдау туралы жаңалықты ерекше энтузиазммен қабылдады», –  деді З.Өмірбаева.

Ол кәсіподақтардың заңнаманы жаңартуда барлық бағыттар бойынша, әсіресе «Медиация» туралы Заң аясында белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттің қатысуынсыз келіссөз жасаудың, мәселені шешудің баламалы жолдарын дамытуды тапсырды. Мұндай институттар өздерін дамыған елдерде жақсы көрсетті.

Айсұлу Ерниязова бастаған «Волонтерлар лигасы» ҚҚ төрайымы бастаған Алматы еріктілері Қазақстандағы жоғары білім сапасын арттыру және стандарттау бойынша жұмыс топтарына қосылу бастамасын айтты.

«Елге білікті мамандар керек, өз дағдыларымызды ұштау керек. Волонтерлік – бұл өз мақсатқа жетуге және халықтың игілігі үшін идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «әлеуметтік лифт» құралы», – деді Айсұлу Ерниязова және алматылық жастарды Жолдауда көрсетілген міндеттерді белсенді жүзеге асыруға қосылуға шақырды.

Қорытындылай келе, Алматы қаласының қоғам мүшелері Мемлекеттік басшысының Жолдауда айтқан бастамалары мен нақты қадамдарын бірауыздан қолдайды және азаматтардың лайықты өмір сүрулері мен олардың құқығын қорғау сынды қойылған мақсаттарға жету жолында барын салады.

Редакция таңдауы

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...
жалақы

Мұғалімдер орташа есеппен қанша табыс табады?

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мұғалімдері орташа есеппен қанша табыс табатыны туралы...

«Ақжайық» футбол клубы банкрот деп танылуы мүмкін – БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында кәсіби спорт клубтарының бюджетін қысқарту көзделуде. БҚО Дене шынықтыру...
ту

Елімізде туды балконға ілуге рұқсат етілді

Премьер-министр Асқар Мамин 27 қарашада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және...

«Телефонды басыңа кигіземін»: маска тақпаған автобус кондукторы жұмыстан шығарылды

Қоғамдық көлікте маскасыз тұрған кондуктордың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетіп, қызметкер осы...

«Ауыр санаттағы қылмыс саны көбейіп отыр»: 7 басшыға іс қозғалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...