Пандемия шаруаларды ширатпаса, ісіне бөгет болған жоқ

Пандемия шаруаларды ширатпаса, ісіне бөгет болған жоқ

Пандемия шаруаларды ширатпаса, ісіне бөгет болған жоқ
ашық дереккөзі
370
Елдегі карантин режимі қанша қысса да, ауыл ша­руа­шылығы тауарын өндірушілердің жұмысына бөгет бо­ла алған жоқ. Дәл дихандар егін егетін, мал төлдейтін уақытта төтенше жағдай жарияланғанын жақсы білесіздер. Абы­рой болғанда, көктемгі егін егу науқаны жоспардағыдай ат­қарылып, бүгін міне алтын дәнге орақ түсті. Еліміздің Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Сапархан Омаров күні кеше Ақмола облысының Бұлан­ды ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше нысанның жұмысымен та­ныс­ты. Ең әуелі егіс алқабын аралап, фер­­мерлермен кездесті, дәл сол жерде ақ­парат құралдары өкілдерімен жүз­десті. Журналистер бидай мен ұнды жә­не тірі малды экспорттауға шектеу қою­дың себептерін сұрады. Министр мыр­за астық экспорттауда фермерлермен келісіп, ортақ шешімге келгенін айтты. Ең алдымен ішкі нарықты то­лық қамтамасыз ететіндей қамбамызға ас­тық толтырудың қамын ойлау керегін алға тартты. Ал малды шекарадан шы­ғаруды биылғы қазан айының орта ше­ніне дейін шектеген екен. Оның да се­бебін түсіндіріп, түйінді мәселе тү­бірі­мен шешілетінін айтты. Бұдан бө­лек, министрге биылғы астықтың шы­ғымына, фермерлердің жаңа тех­никаға жеңіл қол жеткізулеріне қа­тыс­ты бірқатар сұрақ қойылды. Ми­нистр­дің айтуынша, биыл орташа өнімділік гек­тарына 13,1 центнерден айналып жа­тыр. Дәл бүгінгі таңда республика бойынша 3,7 млн гектардан астам жер­ден 4,9 млн тонна астық жиналған. Бұл – жалпы жиналуы тиіс өнімнің 23,6 пайызы. Былтыр осы уақытта 3,1 млн гектар жерден өнім жиналған екен. Яғни, биыл егін жинау нау­қа­нының қарқыны былтырғыға қара­ған­да өнімді деген сөз. Елімізде егін жинау жұмыстарын жүргізетін 145 мың трак­тор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық жинайтын комбайн, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк көлігі бар екен. Сондай-ақ егінді уақытында жи­нау үшін фермерлерге 395 мың тонна ар­зандатылған жанар-жағармай бөлі­ніп­ті. Енді тек ауа райы оғаш мінез та­ныт­паса болғаны. Айтпақшы, министр алдымен ат басын тіреген Бұланды ауда­ны­ның ірі аграрлық кәсіпорны – «Жу­рав­левка-1» ЖШС. Серіктестік негізінен дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жем­дік дақылдар мен көкөніс түрлерін өсіру­мен айналысады. Биыл 59 мың гек­тар жерге егін егіпті. Оның  33,5 мың гектарына бидай, 12 мың га астам жерге арпа, 1 362 га сұлы, 1 543 га күн­бағыс, 3 969 га зығыр, 4 879 га рапс, 110 га картоп пен көкөністер, 1 120 га жем-шөп дақылдары егілген. Мұнда 600-ден астам адам жұмыс істейді екен. Ашық күнде астығын орып, қам­ба­сын қампайтып жатқан шаруасы ши­рақ компанияның ісіне береке тіле­ген министр «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-не барды. Бұл – құс етін өн­діру саласындағы импортты алмас­тыратын ауқымды жоба. 2018 жылы жал­пы қуаты 25 мың тонна болатын құс шаруашылығы кешенінің бірінші ке­зеңі пайдалануға берілген. Ал биыл жыл соңына дейін инвесторлар екінші кезеңнің құрылысын аяқтауды жос­парлап отыр екен. Енді фабрика өнді­ріс­тік қуатын жылына 25 мың тоннадан 50 мың тоннаға дейін арттырады. Құс фабрикасының құрылыс жұмыс­тары кезінде 100 адам тұрақты жұмыс­пен қамтылыпты, 2-ші кезеңді іске қос­қаннан кейін кәсіпорын 455 тұрақ­ты жұмыс орнын ашпақ. Айта кету керек, импортты ал­мас­­тыру үшін Қазақстанда биыл 8 құс фабрикасы іске қосылады. Жақын уақытта республикада жалпы қуа­ты жылына 175 мың тонна өнім шы­ғаратын жаңа 12 құс фабрикасы жұ­мыс істей бастайды. Бұл құс етіне де­ген импортты алмастыру мәселесін то­лығымен шешуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін министр Бұланды ауданының Макинск қала­сын­дағы өсімдік майын өндіретін зауыт құрылысының барысымен танысу үшін арнайы бұрылды. «Бота-2015» деп ата­латын болашақ зауыттың өндірістік қуа­ты тәулігіне 600 тоннаға дейін же­те­ді дейді мамандар. Кәсіпорында өңір­дің 30 тұрғыны еңбек ететін болады. Заманауи зауыт майлы дақылдарды қай­та өңдейді және дайын өнім көрші ел­дер нарығына экспортталмақ. Осындай зауытты Шығыс Қазақстан об­лы­сын­да салу жоспарланып отыр, ал Ал­маты қаласында заманауи зауыт іс­ке қосылған. Мұндай өндіріс орында­рын салу – шикізат экспортына қа­ра­ғанда құны жоғары терең өңделген өнім экспортын өрістетуге жол аша-ды. Сонымен қатар, министр Макинск қаласында жергілікті эле­ватордың биылғы астықты қабыл­дауға дайындығын тексерді. «Арна» астық қабылдау кәсіпорны» аудандағы фермерлерге астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту қыз­­меттерін көрсетеді. Кәсіпорынның жал­пы ауданы – 14,7 гектар. Бұл жерде сыйымдылығы 22 мың тонналық ас­тық қоймасы, ауданы 4,5 мың шаршы метр асфальтталған алаң, өнімділігі са­ғатына 110 тонна астық кептіргіші бар. Қазіргі уақытта элеватор астық қа­былдауға толық дайын. Бұл баяндап отырғанымыз бір облыстың бір ауданындағы бір күн­дік сапарымыздан түйгеніміз, көр­геніміз. Әр аймақтағы осындай маңыз­ды жобалар жүйелі жұмыс істесе, ел экономикасы еселеніп, игілігін халық көрері хақ. Алқаптарымызда астық, жы­лыжайларымызда көкөніс пен жеміс жайқалып, төскейіміз малға толса әлем­ді шарпыған дағдарысты шыбын шақ­қан құрлы көрмесіміз анық.

Әділ БАЙБОЛ

Серіктес жаңалықтары