410
Ата-аналар балабақшаны өзі таңдайды – министр
Ата-аналар балабақшаны өзі таңдайды – министр
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта ата-аналар балабақшаны өзі таңдайтынын айтты.
«6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен 100 пайыз қамту мәселесін іске асырудың екі ерекшелігі бар. Біріншіден, бұл тапсырманы мемлекеттік тапсырыс беру арқылы жекеменшік балабақшаның үлесін арттыру есебінен орындаймыз. Қысқа уақыттың ішінде жекеменшік секторды дамытудың арқасында өзгеріс болды. Қамту пайызы өсті. Ары қарай осы бағытпен жұмыс істеп, балаларды балабақшамен қамту мәселесін шешеміз», – деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, екінші ерекшелік – ваучерлік тетік.
«Ваучерлік тетік дегеніміз не? Мәселен, бүгінде ата-ана баласыының кезегі келгеннен кейін қай балабақшаға баратынын мемлекет көрсетіп береді. Енді мұнан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ваучерлік тетік қолданылады. Яғни, ата-ана өзінің ваучерін алып, өзіне ұнаған, тиімді деген балабақшаны таңдайды. Қазіргі уақытта облыс не қаланың, ауданның білім бөлімдері, басқармалары конкурс өткізіп, қай балабақша мемлекет тапсырыс алатындығын анықтаса, енді ата-ана өзі таңдайды. Бұл ең алдымен бәсекелестікті арттырады. Ал бәсекелестік болғанда сапа жақсарады. Сондықтан бұл өте маңызды тапсырма», – деді Асхат Аймағамбетов.