Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
166
2-5 қыркүйек аралығында ел аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фон +23...36 градус шамасында болады. Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Найзағаймен бірге жауын-шашын болады, екпінді жел соғады. Бұршақ түсіп, ауа температурасы төмендейді. Елдің солтүстік жартысында +17...28 градусқа дейін суытады.

Серіктес жаңалықтары