Болат Зауытұлы: Президент жолдауы - халықты қолдауы

Болат Зауытұлы: Президент жолдауы - халықты қолдауы

Болат Зауытұлы: Президент жолдауы - халықты қолдауы
ашық дереккөзі
640
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевттың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы жайында  «Отандастар қоры» КеАҚ жанынан құрыл­ған Қандастарды ақпараттық қолдау орта­лы­ғының меңгерушісі Болат Заутұлының өз пікірін білдірген еді. – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевттың Қазақстан халқына арнаған жолдауын мұқият тыңдап шықтым. Жолдауда ел болашағы үшін көптеген мәселелер нақты айтылды. Еліміздегі мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы артып, бір бағытта жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметкерлер саны 2021 жылы 25 пайызға кысқарталмақ. Әлбетте, бұл құптарлық жайт. Мемлекет қашанда халық үніне құлақ асады. Осыған қатысты бейбіт жиын өткізу, сайлау туралы жаңа заң нормалар қабылданды. Басқа да көп жаңалықтар айтылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу ісіне белсене араласу керектігін айтты Президент. Бұл жолдауда да еліміздің дамуы және қоғамның өсіп өркендеуіне қатысы өте жақсы идеялар айтылды. Басшы бастаған істі қосшы қостап әкетуі қажет. Сонда ғана Президент жолдауы – халықты қолдауы болмақ. Мемлекет басышсы Халықтың көші-қон туралы заңына жасалған өзгертулер мен толықтыруларға қол қойған болатын. Президент бір сөзінде Елбасы бастаған көші-қон саясаты өз жалғасын табатыны жайында және кейбір кемшін тұстардың әлі де кемелдене түсетіні туралы айтқан еді. Сондықтан да президенттің бұл жолдауын қандастарымыз да қолдауға әзір.

Серіктес жаңалықтары