5198
Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет – ДДСҰ болжамы
Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет – ДДСҰ болжамы
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленетінін айтты.
«Қазіргі ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек», – деді ол.
Президент мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеу керегін баса айтты.
«Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуге тиіс. Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.