COVID-19: 1,1 мыңнан астам медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден берілді

COVID-19: 1,1 мыңнан астам медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден берілді

COVID-19: 1,1 мыңнан астам медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден берілді
ашық дереккөзі
5165
COVID-19-бен күресуге тартылып, коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған 1111 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ осы аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударды. Өтінім жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінім электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі, кейін төлем тағайындау үшін қорға жіберіледі. Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (176) және Алматы қалаларынан (128), Алматы (96), Ақмола (88) және Атырау облыстарынан (79) жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары