5169
Президент бір-екі көшені жыл сайын жөндей беретіндерді сынға алды
Президент бір-екі көшені жыл сайын жөндей беретіндерді сынға алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту барысына бақылауды күшейту қажет екенін айтты.
«Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді.
«Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтардың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды», – деді Президент.