Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады
ашық дереккөзі
266
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жайлы баяндады. «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз», – деп атап өтті Президент. Оның айтуынша, Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. «Бұл орталықтар еліміздің беткеұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді», – деді Қ.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары