Президент дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен еріктілерге алғыс айтты

/
Президент дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен еріктілерге алғыс айтты
ашық дереккөзі
Президент дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен еріктілерге алғыс айтты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен еріктілерге алғыс айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында: «Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер», – деп атап өтті.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары