217
Еліміздегі мектептер жаңа оқу жылына дайын – Білім және ғылым министрі
Еліміздегі мектептер жаңа оқу жылына дайын – Білім және ғылым министрі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептер жаңа оқу жылына дайын екенін айтты.
«Біз кейбір есептік деректерге, қағаздағы дайын ақпаратқа қарап отырған жоқпыз. Өзіміз шығып, мектептерге барамыз. Бізде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер бар, олар да барып тексереді. Саяси партияларымыз бен қоғамдық бірлестіктеріміз де белсенді қатысуда. Жалпы мониторинг жүріп жатыр және мектептерді тиісті жағдаймен қамту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Біздің міндетіміз – дайын нәрселерді көру ғана емес, әріптестерімізбен сөйлесіп, қандай қиындықтар бар екенін, қандай көмек керектігін білу», – деді министр.
Сонымен қатар, ведомство басшысы биыл 11 сынып оқушыларына жаңа оқулықтар берілетінін айтты.
«Жалпы, оқулықтар бойынша біздің әріптестеріміз, білім басқармалары, педагогтар, мектеп директорлары үлкен жұмыс атқарды. Еңбек демалысына қарамастан мұғалімдер жұмыс істеді, дайындалды», – деп атап өтті министр.
Айта кетейік, бүгін білім басшысы елордадағы бірқатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.