247
Мақтааралда тасқын судан зардап шеккен мектептер жөндеуден өтті
Мақтааралда тасқын судан зардап шеккен мектептер жөндеуден өтті
Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен екі мектеп жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылына дайын болды. Өргебас және Фирдоуси елдімекендеріндегі қос білім ұясына тасқыннан едәуір зақым келген еді.
Қайта жөндеуден өткен білім ұяларының даярлығы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке ауданға іссапары барысында таныстырылды. Аймақ басшысы әр мектепті жеке-жеке аралап, қазіргі жағдайын көріп шықты.
Өргебас ауылының Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде 300-ге жуық оқушы білім алса, Фирдоуси атындағы орта мектепте 700-ден астам бала оқиды. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы балалары компьютерлік техникалар және планшеттермен қамтамасыз етілген. Білім ұялары интернет жүйесімен толық қамтылған.
Мақтаарал ауданындағы оқушыларға республикалық резервтен бөлінген қаражатқа сатып алынған 4900 компьютерлік техника таратылуда. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы қажеттігін тапсырды.