Түркістан облысында үйлерін тасқын су шайып кеткен 42 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында үйлерін тасқын су шайып кеткен 42 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында үйлерін тасқын су шайып кеткен 42 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
308
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы үйлерін тасқын су шайып кеткен 42 отбасыға жаңа үйдің кілті тапсырылды. Тұрғындардың қуанышымен бөліскен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірнеше үйді аралап шығып, баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтады. «Ерте көктемде болған табиғи апат әбігерге салып, біраз қиындық туғызғаны белгілі. Бәрі артта қалып, жаңа қоныс берекелі, қыдыр қонған үлкен үйге айналсын», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.  width= Биыл көктемде қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, Төлебиде сел орын алған болатын. Салдарынан бірнеше үйді су басып, зақымданды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, шұғыл штаб құрылып, аудандағы 42 үй жарамсыз деп танылды. Жаңа баспаналардың құрылысы қарқынды жүргізілді. Айта кетейік, Леңгір қаласында – 17, Киелітаста – 2, Сұлтан-Рабатта – 22, Ынтымақ ауылында бір үй соғылды. Баспаналардың жалпы аумағы – 2640 шаршы метр. Құрылысты 9 мердігер мекеме жүргізді.  width= Нөсер жауынның салдарынан су тасқыны кезінде үйлер мен жолдарды су басып, жоғарғы Қасқасу елдімекеніндегі «Қасқасу» өзені бойында орналасқан 4 көпірді де су шайып кеткен еді. Тұрғындардың ауыл арасында қатынауы үшін өткелдер екі тәуліктің ішінде толығымен қайта қалпына келтірілген. Тиісті қаражат бөлініп, жарамсыз күйге түскен үш көпірдің құрылысы толық аяқталды.  

Серіктес жаңалықтары