Алматы облысында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Алматы облысында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ
Алматы облысында 36 адам инфекциялық бөлімде емделіп жатыр. Өткен аптада вирус жұқтыру деңгейі төмендеп, 9 провизорлық орталық жабылған болатын.
«Өткен тәулікте аймақта короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекциялық бөлімде 36 адам дәрігерлердің бақылауында. 183 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.
Жалпы аймақта ауырғандар саны 4892 адам, оның 4597 адам толықтай жазылып шықты.