Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енді
ашық дереккөзі
234
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысын жариялады. Жаңа қаулыға енгізілген өзгерістер бойынша облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері және полиция департаменттері қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Заңбұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі №6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етеді. Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары