Перзентханадан қашып кеткен әйел өз-өзіне қол жұмсады

Перзентханадан қашып кеткен әйел өз-өзіне қол жұмсады

Перзентханадан қашып кеткен әйел өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
253
Көкшетауда перзентханада жоғалған 36 жастағы әйел өлі күйінде табылды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, 27 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Перинаталдық орталықтың перзентхана бөлімшесінің дәрігері хабарласып, жаңа босанған 36 жастағы әйел – Көкшетау қаласының тұрғыны сәбиін тастап, палатадан шығып кетіп қалғанын хабарлаған. «Айтылған жерге жедел-тергеу тобы жетіп, іздестіру шараларын қолға алды. Анықталғандай, босанғаннан кейін әйелдің көңіл-күйі жайсыз болған», – дейді ведомстводан. ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, тамыздың 27-де сағат 19:00 шамасында әйел жұқпалы аурулар аурханасының маңындағы ағашта асулы күйінде табылды. «Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп толықтырды ведомстводан. Айта кетейік, көз жұмған әйелдің артында төрт баласы (үш ұл және бір қыз) қалды. Ең кішісі биыл 12 тамызда дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары