«Нұрлы жер»: Атырауда 33 отбасы баспаналы болды

«Нұрлы жер»: Атырауда 33 отбасы баспаналы болды

«Нұрлы жер»: Атырауда 33 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
320
Мереке қарсаңында атыраулық 33 отбасыға пәтер кілті табысталды. Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшамауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар. – Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Бастысы, тұрғындар үшін қолайлы. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері, яғни 8 ай ішінде баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті, – деді тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев. Былтыр тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы 257 отбасы баспаналы болған. Биыл, бұл көрсеткіш арта түспек. Себебі 8 ай ішінде 250-ден астам отбасы пәтер кілтін алып үлгерді. Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары