Бірқатар жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылды – БҒМ

Бірқатар жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылды – БҒМ

Бірқатар жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылды – БҒМ
ашық дереккөзі
647
Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл шешімге бірқатар жоғары оқу орнын қайта тексеру барысында Білім туралы заңнама нормаларының бұзылуын анықтау негіз болды. «Алматы» университеті, «Қайнар» Академиясы, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Silkway» халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды. Аталған оқу орындары анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты. «Қайнар» Академиясы мен «Silkway» Халықаралық университетін тексеру қорытындылары тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды.  

Серіктес жаңалықтары