511
Алматыда медицина қызметкерлеріне 8,8 млрд теңге үстемеақы төленді
Алматыда медицина қызметкерлеріне 8,8 млрд теңге үстемеақы төленді

Алматы қаласында коронавирус эпидемиясына қарсы күрес шараларына 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.
«Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйым қызметкерлеріне қауіп тобы бойынша үстемеақы төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19 вирусына қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйым қызметкерлеріне наурыздан бастап 8 млрд 890 млн теңге төленді», – дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.
Ай сайынғы төлемдер:
- Наурыз айында 3 766 медицина қызметкері – 1 млрд 262 млн теңге;
- Сәуір айында 5 474 медицина қызметкері – 1 млрд 511 млн теңге;
- Мамыр айында 5 043 медицина қызметкері – 1 млрд 518 млн теңге;
- Маусым айында 5 432 медицина қызметкері – 1 млрд 805 млн теңге;
- Шілде айында 7 550 медицина қызметкері – 2 млрд 792 млн теңге.