Мектепке дайындық: «Nur Otan» партиясы 2,5 мыңнан астам көпбалалы отбасыға көмектесті

Мектепке дайындық: «Nur Otan» партиясы 2,5 мыңнан астам көпбалалы отбасыға көмектесті

Мектепке дайындық: «Nur Otan» партиясы 2,5 мыңнан астам көпбалалы отбасыға көмектесті
ашық дереккөзі
199
«Nur Otan» партиясының елордалық филиалында Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді тіркеу жөніндегі ұйымдастыру комитеті есігін айқара ашты. Бірінші күні партияішілік іріктеуге қатысуға 25 адам құжат тапсырды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 200-ден асты, оның ішінде әйелдердің үлесі 30 пайыздан асады, 35 жасқа дейінгі қатысушылар 40 пайызға жуық. «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының ұйымдастыру комитеті күн сайын демалыссыз жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер партияішілік іріктеу, үгіт-насихат кезеңінің ережелері, алдағы дебаттар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде қатысушылардан басқа, дебат модераторларына да жеребе тасталынады. Қала тұрғындарын тікелей эфирді тамашалауға шақырамын, праймеризге қатысушылардың өздері туралы және сайлауалды бағдарламаларын таныстыруы, қарсыластарының сұрақтарына берген жауаптары қызық болары сөзсіз», – деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов. Елордалық филиалда тіркеуден өткен әрбір қатысушыға арнайы куәлік-бейдж беріледі. Ұйымдастыру комитетінің мүшелерінде де осындай құжаттар бар. Ерлан Каналимовтың айтуынша, партияішілік іріктеу кезінде елордалық партиялықтар өздерінің күнделікті жұмысы – партиялық және ұлттық жобаларды жүзеге асыруды ұмытпайды.  width= «Біз «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында «Баланы мектепке дайындайық» акциясын алғашқылардың бірі болып бастадық. Мысалы, кеше «BI – Group» ЖШС бастауыш партия ұйымымен бірлесіп, елорданың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына 145 ноутбукты сыйға тарттық. «Баланы мектепке дайындайық»  акциясы аясында Нұр-сұлтан қаласының 2,5 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы Білім күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының елордалық филиалынан көмек алады. 500 заманауи планшет пен кеңсе тауарларын сатып алуға 10 мың теңгелік соммаға 2000 сертификат беріледі. Бұл ретте, қажетті заттарды сатып алуға ақша біздің шотқа түспейді. Мұның бәрі бюжет есебінен емес, демеушілердің ақшалай қаражатына сатып алынады», – деп атап өтті Е.Каналимов.    width= Сонымен қатар, Ерлан Каналимовтың айтуынша, төтенше жағдай режимі мен бірқатар карантиндік шаралар алынып тасталғаннан кейін, қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді, ол КВИ пандемиясы кезінде де өз қызметін  тоқтатқан емес. Қазіргі таңда елордада дәстүрлі түрде апта сайын сәрсенбі күндері өзекті және проблемалық мәселелер бойынша азаматтарды онлайн-қабылдау өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары